"Елордада ҚР Кәсіподақтар федерациясында Бас кеңестің отырысы өтті. Бас кеңестің отырысында ҚРКФ басшысы Бақытжан Әбдірайым басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы өкілеттігін тоқтатты", деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚРКФ кезектен тыс XXV съезінде кәсіподақтардың жетістіктерін жоғары бағалап, Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарды Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа шарттарына әлеуметтік бейімдеу үшін қозғаушы күш болуы тиістігін атап өткен болатын.
Бас кеңестің мүшелері ҚРКФ төрағасы лауазымына 2 кандидатураны - белгілі қоғам және саяси қайраткер Ералы Тоғжановтың және "Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың кандидатурасын ұсынды. ҚР Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына сәйкес балама негізде өткен дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды.