Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен Нұржігіттің туыстарымен бірге үндеу жасады

603

Науқастың туыстары ел азаматтарынан дұға жасап, қолдау көрсетуді сұрады.  

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен Нұржігіттің туыстарымен бірге үндеу жасады Фото: facebook/Бақытжан Базарбек

Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт есімді азаматтың жағдайы туралы видеожазба мен үндеу жарияланды.

"Бақытжан Базарбек ағамыз біздің жанымызда. Бауырымның аяққа тұрып кетуіне еш көмегін аяп жатқан жоқ. Қазіргі таңда бауырымның жағдайы қанағаттандырарлық. Құрметті халайық, бауырым үшін дұғада болыңыздар", – делінген үндеуде.

Өз кезегінде жағдайды бақылауда ұстаған Бақытжан Базарбек науқастың денсаулығына қатысты пікір білдіріп, медициналық ұйымдардың жұмысын атап өтті.

"Құрметті қазақ халқы, Нұржігіт бауырымыздың денсаулығы ақ халатты абзал жандардың қолында. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үлкен көмек беріліп жатыр. Реаниматологтар, травматологтар консультация беріп жатыр. Қажетті емшаралар көрсетіліп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан консилиумдар жүріп жатыр. Қазір оң өзгерістер бар", – деді экс-депутат.

Сонымен қатар дәрігерлер науқастың беті бері қарау үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп, тиісті министрлік пен жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Бұған дейін заңгер әрі экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуіне байланысты қолхат бергендіктен оқиғаның мән-жайын жария ете алмайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу