Экс-шенеунік жайлы жағдайда жазасын өтеуде

1179

Қостанайда жазасын өтеп жатқан бұрынғы шенеунікке жанға жайлы жағдай жасалаған. 

Экс-шенеунік жайлы жағдайда жазасын өтеуде

Темір торға тоғытылса да тарықпай отырған сотталғандардың әрекеті әлеуметтік желіде жария болды. Жасырын түсірілген бейнежазба авторы дастарқан басындағылар 161/2 колониясында отырғанын айтады. Тіпті "элиталы жазасын өтеушілер" үшін терезеге перде де ілініп қойған. Белгілі болғандай мұнда Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов жазасын өтеуде.

Экс-шенеунік қазынаның 200 млн теңгесін қалтасына басқаны үшін 12 жылға сотталған болатын. Бейнежазба авторы түзеу мекемесіндегі былық мұнымен бітпейтінін айтады. Сөзінше, қылмыстық ортада "беделді" сотталушылар үшін  "арнайы жеңілдіктер" қарастырылған. Олардың тәртіп бұзған әрекеттеріне көп жағдайда көз жұмылатын көрінеді. Жергілікті қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер мұндай факті болғанын растады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қоғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу