Ақша аудару жүйелері арқылы 10 айдың ішінде 36,6 млрд теңге өткен. Былтыр бұл көрсеткіш 62,6 млрд теңге болған еді. Яғни ел ішіндегі ақша аударымы 41,5% төмендеген.
"Бір жыл бұрын ақша аударымы 3,2 есе артқан болатын. Биыл құлдырау бар. Транзакциялар саны 192 мың ғана болды. Мұны аударылған ақшаға шақсақ, әр аударымға шамамен 190,8 мың теңгеден келіп отыр. Аударым көлемі бойынша "Золотая Корона" жүйесі көш басында тұр. Аталм жүйе арқылы 14,2 млрд теңге немесе, барлық аударымның 34,6%-ы өткен", – деп жазады Ranking.kz.
Екінші орында 2 млрд теңге аударыммен Faster жүйесі тұрса, үздік үштікті 1,5 млрд теңгемен Western Union түйіндеп тұр.
Есімжан Нақтыбайұлы