Елбасы Джейкоб Френкельмен кездесті

601

Елбасы "JP Morgan Chase International" басшысымен АХҚО перспективасын талқылады.  

Елбасы Джейкоб Френкельмен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "JP Morgan Chase International" басқарма төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Әңгіме барысында Елбасы әлемнің жетекші сарапшылары өзара диалог құруы үшін "Астана клуб" алаңының ерекше маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстанға қош келдіңіздер. Біздің форумға көрнекті қаржыгер, беделді ғалым және экономист, әлемдегі жетекші қаржылық ұйымның табысты басшысы қатысып отырғанына өте қуаныштымыз. Бүгін "Астана клуб" форумы әлемнің зиялы қауымымен, экономистерімен және саясаткерлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп отыр", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында тараптар "Астана" Халықаралық қаржы орталығын одан әрі дамыту перспективаларына да назар аударды.

"Сіз АХҚО Қазақстан үшін экономикалық дамуға серпін беретін маңызды трансформациялық шешім екенін атап өттіңіз. Біз бұл бастаманы одан әрі дамытып жатырмыз. Қазіргі уақытта АХҚО қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 51-ші орында тұр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу