Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің ресми сайты.
"Алматы әуежайынан ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, бүгін 7.22-де Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан "Бэк Эйр" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, соңғы ақпараттар бойынша 12 адам көз жұмған.