Елбасы – Қазақстан медицинасын әлемдік деңгейге көтерген екі дәрігер бар

815

Елбасы – Қазақстан медицинасын әлемдік деңгейге көтерген екі дәрігер бар

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан жасанды жүрек орнату жағынан әлем бойынша Германия мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр. Осы орайда Президент отандық медицинаны әлемдік деңгейге көтерген екі қазақстандық дәрігерді ерекше атап өтті, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Бізге жақын-алыс шет елдерден науқастар келіп жатыр, бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек сияқты ағза мүшелерін трансплантациясына арналған күрделі операциялардың бәрі өзімізде жасалады. Қазір әрбір облыс орталығында жүрекке ашық операция жасайтын болды. Осының барлығы – дәрігерлердің дайындығы мен ең үздік қондырғылардың арқасы. Қаншама адамның өмірін алып қалдық. Бұрын жүрек аурулары бірінші орында тұратын. 10 мың адам кезекте тұрды. Оны батысқа барып, квота жасап келудің бағасы, тұрғаны мен жүргенін санағанда, 50-60 мың долларға шығатын. Қазір мемлекет тарапынан жасалып жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан жасанды жүрек орнату жағынан әлем бойынша Германия мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр.

"Еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге көтерген екі дәрігер бар. Олар - Юрий Пя және Серік Ақшолақов. Екеуі де күрделі зерттеулер жасап, тың жаңалықтар әкелді. Отандық медицинаны әлемге танытты. Олардың біреуі кеше ғана қиын бір операция жасап, бала мен оның анасын құтқарып қалды. Сондықтан екеуіне де "Еңбек Ері" атағын бергенім дұрыс болды деп санаймын", – деп атап көрсетті Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу