Елбасыға дербес құқық беретін заңды алып тастау "депутаттардың күн тәртібінде жоқ"

1237

Елбасы мәртебесі туралы заңды қайта қарастыру мәжілістің күн тәртібінде жоқ. Бұл туралы төменгі палата төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті. 

Елбасыға дербес құқық беретін заңды алып тастау "депутаттардың күн тәртібінде жоқ"

"Мәжілістің жоспарында, күн тәртібінде бұл мәселе ескерілмеген. Кезінде тиісті заң қабылданды, Елбасы – тарихи тұлға. Мемлекет басшысы осы тұрғыда бірнеше рет пікірін білдірген болатын", – деді Қошанов. 

Ол жақында Қауіпсіздік кеңесіне, Қазақстан халқы ассамблеясына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілгенін еске салды. 

"Түзетулерде елбасының Қауіпсіздік кеңесінде және Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделген. "Тұңғыш Президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалар елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталды. "Елбасы" мәртебесі туралы норма қалды. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау палатаның күн тәрбінде жоқ", – деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, Елбасы мәртебесі туралы заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына дербес құқық берілген.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу