Елде кәсіпкер әйелдер саны артқан

1263

Бүгінде Қазақстанда 9,84 млн әйел тұрып жатыр, өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға көп, бұл халықтың – 51,4%.

Елде кәсіпкер әйелдер саны артқан

Елдегі экономикалық белсенді халықтың 48,5% – әйелдер. Барлық жұмыспен қамтылғанның – 48,1% және барлық жалдамалы қызметкердің 48,9%-ы әйелдер болып саналады. 

Жеке кәсіпкерлікте де әйелдер маңызды рөлге ие. Әйелдер басқаратын ЖК-лар саны 2021 жылдың соңына қарай 9,1% немесе 625,1 мыңға дейін өскен. Олардың үлесі ЖК-ның жалпы санынан бір жылда 47,4%-дан 49%-ға дейін өскен. 

Оның ішінде жас әйелдер де жеке кәсіпкерлікте белсенді болып саналады. 29 жасқа дейінгі әйелдер басқаратын, әрі жұмыс істеп тұрған ЖК-лар саны бір жыл ішінде 37,2%-ға немесе 88,7 мың адамға дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған жас кәсіпкерлердің жалпы санынан ЖК үлесі 43,4%-дан 46,4%-ға дейін артқан. 

Шағын және орта кәсіпкерлікке тоқталсақ, мұнда да әйелдердің үлесі басым. Мысалы, әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 2021 жылдың басында 1,1 млн адамды болды, жұмыс істеп жүргендердің жалпы санының – 31,1%. Кәсіпкер әйелдердің Қазақсанның жалпы ішкі өнімге үлесі – шамамен 40%. 

Осыған қарамастан елде гендерлік теңсіздік бар. Мысалы, ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 22%-ға жоғары. 

Сондай-ақ жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың төртінші тоқсанында 4,9% болды. Ерлер арасында жұмыссыздық 4,1% болса, әйелдер арасында – 5,1%. Алайда олар ерлерге қарағанда әлдеқайда білімді және білікті маман болып саналады. Мысалы, коронавирус пандемиясына дейін елде жоғары біліммен жалпы қамту әйелдер арасында – 73,2% болса, ерлер арасында – 61,1%. Зерттеуші мамандардың 52,4% – әйелдер, ерлердің үлесі – 47,6%.

McKinsey зерттеуіне сәйкес, әйелдердің экономикаға ерлермен тең дәрежеде қатысуы 2025 жылы әлемдік ЖІӨ-ге 28 трлн доллар қосуы мүмкін. Бұл Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада ЖІӨ-нің 9% өсуін білдіреді. 

Еуропалық қайта құру және даму банкі жүргізген зерттеу дерегіне сүйенсек, егер 2020 жылы гендерлік алшақтық 15 елде жойылса, 2030 жылға қарай жан басына шаққандағы табыс орташа есеппен 12% өсуі ықтимал.

Өкінішке қарай, "коронадағдарыс" гендерлік теңдік саласына салдарына тигізген. БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, кәсіпкер әйелдер пандемиядан қатты зардап шеккен (әйелдер – 52%, ерлер – 64%).

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу