Елде тұтынушылық қарыздар көлемі 5 трлн теңгеге жетті

762

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта жеке тұлғалардың кредиті сегментінде мерзімі өткен қарыздар бір жылда 12,3%-ға немесе 305,7 млрд теңгеге дейін, тікелей тұтынушылық қарыздар сегментінде 12,2%-ға немесе 199 млрд теңгеге дейін азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Елде тұтынушылық қарыздар көлемі 5 трлн теңгеге жетті

Нәтижесінде елде жеке тұлғалардың кредиттері бойынша жалпы мерзімі өткен берешек 3,6%-ға дейін, тұтынушылық кредит сегментінде 4%-ға дейін төмендеді. 
Мысалы, Қазақстанмен көршілес Ресейде жалпы жеке тұлғалардың мерзімі өткен қарызы 4,2%-ды және ипотекалық кредитті есепке алмағанда бөлшек қарызы – 7,4%-ды құраған. Осылайша, Ресейде тұтынушылық кредит берудегі тәуекел деңгейі Қазақстанға қарағанда 2 есе жоғары.

Сонымен қатар елде пандемияға және әлемдегі "коронадағдарысқа" қарамастан бөлшек кредит портфель сапасының көрсеткіштері жақсарып, халыққа берілген қарыздар және тұтынушылық қарыздар сегментінде де олардың мерзімін өткізіп алу үлесі жылдан жылға азайып келеді.

Ресейде жалпы халыққа берілген қарыздар саласында портфельдің сапасы сақталып, тіпті біршама жақсарған (биыл бірінші жартыжылдықта кредиттің мерзімін өткізіп алу салмағы 4,4%-ға, ал өткен жылы 4,2%-ға төмендеген), ипотеканы есепке алмағанда бөлшек қарыздар сегментінде өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 
мерзімін өткізіп алу үлесі артқан.

Қазақстанда жеке тұлғалардың кредиттер портфелінің көрсеткіші 2020 жылы біршама төмендегеннен кейін, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 8,55 трлн теңге болды,  бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға артық.

Тұтынушылық қарыздар көлемі 4,99 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 99,2%-ы немесе 4,95 трлн теңге жеке тұлғалардың қарызы, тағы 0,8%-ы немесе 40,1 млрд теңге – шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесінде.

Қарапайым тұрғынның қалтасына түсетін салмаққа тоқталайық. Қазақстанда жағдай халықтың толық кредит алмағанын көрсетеді: жан басына шаққандағы орташа тұтынушылық кредиттің орташа айлық номиналды жалақыға қатынасы – 1,03 есе. 

2020 жылмен және дағдарысқа дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіштерде айтарлықтай өзгеріс болмаған.

Ресейдегі жағдай басқаша: бір адамға орташа бөлшек қарыздың (ипотеканы есепке алмағанда) орташа айлық жалақы қатынасы – 1,4 есе. 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш өзгермеген, дағдарысқа дейінгі 2019 жылмен (1,3 есе болған) салыстырғанда көрсеткіш біршама өскен.

Жалпы қазақстандық банктер бөлшек кредиттердің сапасын жіті бақылап отыр: сектордағы неғұрлым таза және сапалы портфель Қазақстандағы жан басына шаққандағы қарыздар көлемі Ресейге қарағанда 2 есе төмен.

Жоғарыдағы деректер Ресейдегі халыққа кредит беру нарығы дамығанын көрсетеді, ал Қазақстанда саланы дамытуға елеулі әлеует бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу