Елдің 4 өңіріндегі үй шаруашылығының шығысы табыстан асып түседі

523

Қостанайда орта есеппен бір үй шаруашылығына кеткен шығыс 559,2 мың теңгені құрап, республика бойынша ең төменгі көрсеткіш ретінде тіркелді.  

Елдің 4 өңіріндегі үй шаруашылығының шығысы табыстан асып түседі

Одан кейінгі орында Абай облысы (573,6 мың теңге), Шымкент қаласы (598,6 мың теңге) бар. 

Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарындағы үй шаруашылықтарының шығысы табыстан асып түседі, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың екінші тоқсанындағы деректерге сәйкес, елдегі үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары орта есеппен 774,9 мың теңгеге жетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық. 

Табыс бір жылда 16,4%-ға өсіп, 819,4 мың теңгені құрады.

Бір үй шаруашылығына жұмсалатын шығыстар мен кірістердің орташа арақатынасы бір жылда 96,1%-дан 94,6%-ға дейін қысқарған. Ақшалай мәнде шығыстар мен кірістердің айырмашылығы 27,1 мың теңгеден 44,5 мың теңгеге дейін артты.

Алматы қаласы (932,4 мың теңге), Қызылорда (924,8 мың теңге) және Ұлытау (912,7 мың теңге) облыстарының үй шаруашылықтарында шығыс көлемі артқан. 

Ал Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарындағы үй шаруашылықтарының шығысы табыстан асып түседі. 

Үй шаруашылығы шығыстарында тұтынушылық шығыстар басым (713,9 мың теңге). Оның жылдық өсімі 13,8%-ға артық. 

Оның ішінде 398,5 мың теңге (10,2%-ға көп) азық-түлік, 182,2 мың теңге (17,7%-ға артық) азық-түлік емес тауарларына, 133,2 мың теңге (20,1%-ға көп) ақылы қызметтерге жұмсалды. 

Бұдан басқа, 45,3 мың теңге кредит пен борышты өтеуге кеткен, 15,6 мың теңге – өзге шығыстар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу