Елімізде ағза трансплантациясын қажет ететін 3,8 мың науқас бар

625

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова материалдық өтемақы үшін туыс емес донорлардан бүйрек трансплантациясын жүзеге асыруға рұқсат беруді ұсынды.

Елімізде ағза трансплантациясын қажет ететін 3,8 мың науқас бар Фото: Turkystan.kz

Ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі таңда елімізде ағза трансплантациясын қажет ететін 3 805 науқас бар. Оның ішінде 90-ы балалар. Пациенттердің 91%-ы бүйрек трансплантациясын қажет етеді. 

"Материалдық өтемақы үшін ерікті негізде туыс емес донорлардан бүйрек трансплантациясына рұқсат ету, мемлекеттен донорларды материалдық көтермелеу, туыс емес және қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан ағзаларды трансплантациялау мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймын", - деді ол.

Оның айтуынша, былтыр өз кезегіне жетпестен 320 адам көз жұмған. 

Бір донор 7 адамның өмірін сақтап қалады, деп атап өтті халық қалаулысы.

"Қазіргі таңда республикада 6 трансплантация орталығы жұмыс істейді. Елімізде жүрек, бауыр, өкпе, ұйқы безі, бүйрек және қасаң қабық трансплантациясы жүргізіледі. Егер тірі донорлардан трансплантация саны 25%-ға артса, қайтыс болғаннан кейінгі донордан оталар саны 2 есеге азайды", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлық ақсап тұр. Іс жүзінде трансплантация тек туыс донорлар арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қазақстанда бұл саланың дамымуының негізгі себебі – донорлық органдардың, әсіресе қайтыс болғаннан кейінгі және туыс емес донорлық органдардың жетіспеушілігі, деп атап өтті спикер.

"Біз қайтыс болғаннан кейінгі донорлық керек пе әлде жоқ па деп отырғанда көз жұматындардың саны артады. Айта кету керек, олардың дені 18 бен 35 жас аралығындағы жастар. Өкінішке қарай, халық бұл мәселеге көз жұма қарауға бейім. Олар проблемамен бетпе-бет келгенде ғана ойлана бастайды", - деді Мәжіліс депутаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу