Елімізде алимент қоры құрылады

1695

Әлеуметтік қор баласын жалғыз асырап отырған аналарды қолдайтын болады. 

Елімізде алимент қоры құрылады

Мәжілісте сот орындаушылар институтын дамыту мәселелері талқыланды. Депутаттар алдында Ұлт жоспарындағы 27-қадамның қалай іске асырылып жатқанын баяндаған Әділет министрі Марат Бекетаев алиментке қолы жетпеген толымсыз отбасыларды қолдау үшін әлеуметтік қор құрылатынын атады.

"Қараша айында жеке сот орындаушылардың съезі өтті. Ол жиында сот актілерін орындаудың, соның ішінде, алимент өндірудің тиімділігін арттыру мәселесі де қаралды. Жиын соңында Әлеуметтік қор құру туралы шешім қабылданды. Қордың негізгі мақсаты – әлеуметтік және қаржылық қиындыққа тап болған атқару өндірісіне қатысы бар тарапқа көмек көрсету. Мысалы, алимент алмайтын аналардың баласын асырауына жағдай жасау көзделіп отыр. Қордың бюджеті Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы мүшелерінің жарнасы мен ерікті қайырымдылық көздерінен жиналады. Сондықтан қордың қаражаты шектеулі болады. Қордың жұмысын палатаның қамқоршылық кеңесі қадағалайды", – деді Марат Бекетаев. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу