Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын шығару көлемі артып келеді

766

Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, импортқа тәуелді болмауға мүмкіндік береді. 

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын шығару көлемі артып келеді

COVID-19 кесірінен мұнай бағасы төмендеп, ұлттық валюта да құнсыздана бастады. Инфляция ауыл шаруашылығы секторы сынды импортқа тәуелді салаларға бірден әсер етті. Мәселен, 2016 жылы теңгенің құнсыздануынан ауыл шаруашылығы техникасы 34,4%-ға, тракторлар 28,8%-ға қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.

Бұл өз кезегінде барлық сектор жұмысына ықпал етті. Осылайша 2016 жылы азық-түлік бағасы 12,7%-ға, ал кейбірінікі тіпті 23-24%-ға шарықтап кетті. 
Сарапшылар мұндай жағдайды алдын алудың жалғыз амалы – елімізде ауыл шаруашылығы техникасын құрастыруды жолға қою екенін айтады.

Жалпы Қазақстанда бұл сала қарқынды дамып келеді. Мәселен "Агромашхолдинг KZ" АҚ нарықтың 44,4%-ын трактормен, 43,3%-ын комбайндармен қамтып отыр. 
Ауыл шаруашылығы техникасына сұраныстың жоғарылауына мемлеттік бағдарламалар мен арнайы субсидиялар әсер етуде. Оның ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ ұсынып отырған лизингтік бағдарламаны атауға болады. 
Саластырмалы түрде алсақ, Ресей импорттық техникаға шығын шығармайды. Көрші елде ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратындарды қолдауға арналған № 1432 мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Соның нәтижесінде 2013 жылы техниканың толық циклын шығаратын 16 зауыт болса, 2018 жылы олардың саны 70-ке жеткен. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу