Елімізде ауылшаруашылығы өндірісі субъектілеріне арналған геопортал іске қосылды

1121

Елімізде ауылшаруашылығы өндірісі субъектілеріне арналған геопортал іске қосылды

Қазғарыштың "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ ("ҰҒЗТО" АҚ) спутниктік және жерүсті мониторингі, Жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер деректерін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы құрғақшылықтың, құрғақшылық процестерінің мониторингі және оларды талдауға арналған геопортал әзірленіп, іске қосылды. Бұл туралы "ҚазҒарыш" агенттігінің мәліметіне сүйеніп strategy2050.kz хабарлайды.

"ҚазҒарыш" хабарлағандай, жоба БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Америка халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (USAID) ынтымақтастықта және олардың қолдауымен жүзеге асырылды.

Геопортал елімізді және оның ауылшаруашылығы өндірісін климаттық өзгерістерге бейімдеу мақсатында жасалып, іске қосылуда. Оны  құрудағы басты мақсат – еліміздегі мүдделі тұтынушыларға құрғақшылық туралы деректерді бейнелі қабылдауға ыңғайлы етіп ұсыну.

Ақпарат фермерлер, Қазақстан аумағының атқарушы билік органдары, ауыл шаруашылығында қызмет ететін мамандар үшін анағұрлым қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу