Бірақ бұл жағдай көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай баға алшақтығына әкеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Мысалы, Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне – 205 теңге, Ресей Федерациясында – 288 теңге, Қырғызстанда – 385 теңге, Өзбекстанда 489 теңгені құрайды. Қазақстанда дизель отыны литріне – 295 теңге, Ресей Федерациясында – 355 теңге, Қырғызстанда – 427 теңге, Өзбекстанда 528 теңге тұрады. Осылайша, АИ-92 бензині бағасындағы айырмашылық 40%-дан 138%-ға дейін, ал дизель құны 20%-дан 79%-ға дейін жетеді. Бұл жанар-жағармай тапшылығын тудырып, заңсыз шетелге әкету қаупін тудырады, – делінген хабарламада.
Осы орайда Энергетика министрлігі баға белгілеудің тұрақты моделі саясатына көшіп жатыр.
– Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық теңгерімді құруға, жанар-жағармай тапшылығын жоюға, мұнай өңдеу саласын жаңғыртуды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл саясаттың негізгі принциптері кез келген өзгерісті болжауға болатындығын білдіреді. Азаматтардың мүддесін қорғау үшін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жалғасады, ал ауыл шаруашылығы өндірушілері ашық әрі қолайлы баға бойынша дизель отынына кепілді түрде қол жеткізе алады, – деп түсіндірді ведомстводан.
Сондай-ақ, Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп нарықты бақылауды күшейтеді, заңнаманың орындалуын және жанар-жағармайдың ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етпек.