Елімізде доллар мен еуроға қарағанда, рубльдің сатылымы артқан

766

Доллардың нетто сатылымы былтырғы көрсеткіштен 21%-ға, еуроның сатылымы 5,8%-ға қысқарған.

Елімізде доллар мен еуроға қарағанда, рубльдің сатылымы артқан

Қыста доллар мен еуроның нетто сатылымы азайды. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады.

Карантинге байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында айырбастау пункттері 30 сәуірге дейін уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Олар қазір тек Шымкент қаласында істеп тұр. 

2019 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда банктік емес заңды тұлғалардың 885 айырбау пункті бар екені тіркелді. 2018 жылы 851 болған. Бір жыл ішінде олардың үлесі 34,3%-дан 33,8%-ға қысқарған. 

2020 жылдың қаңтар және ақпан айларында доллардың нетто сатылымы 166,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 21%-ға кем. Ал еуроның сатылымы 5,8%-ға қысқарып, 43 млрд теңге болды. Рубльдікі болса, керісінше, 7,8%-ға өсіп, 90,1 млрд теңгеге жетті. 

Қыстың соңғы екі айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы доллар нетто сатылымы 69,7 млрд теңгеге, ал еуронікі 25,1 млрд теңгеге, рубльдікі 9,3 млрд теңгеге жеткен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу