Себебі ол жерлерде халық саны 500 адамнан аз. Ал халық саны 50-ден аспайтын 500-ге тарта елді-мекен бар. Олардың да ертеңі бұлыңғыр. Өйткені ауылда көбіне қариялар ғана қалған. Жастардың дені жақсы өмір іздеп, қалаларды жағалап жүр.
Бірер күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз ішкі миграцияны бақылауды күшейтуіміз керек. Бұлай жалғаса берсе, жағдай қиындайды. Мен өзімнің Халыққа жолдауымда "қалалардағы халық санының көптігі – мақтаныш емес, бұл шешілуі тиіс мәселе" деген болатын.
Расымен, біздің елде Сыртқы миграция заң жүзінде барынша бақыланады. Ал ішкі миграция ақсап тұр. Неге? Мәселен "Ауыл – ел бесігі", "Дипломмен ауылға", "Серпін" сияқты түрлі бағдарламалар қолға алынды. Алайда нәтижесі шамалы сияқты. Мысалы, дипломмен ауылға барған мамандар келісім-шарт бойынша жұмыстарын істеп, уақыттары аяқталғанда бірден қалаға қашады.
"Нұр-Сұлтанның мүмкіндігі шексіз емес. Соны ескеру керек. Кез-келген адам елордада тұрып, білім алғысы келеді. Бірақ үйсіз, күйсіз астанада өмір сұру қиын. Әрине, біз ешкімге тыйым сала алмаймыз. Алайда қай жерде жақсы жағдай барын түсіндіру шараларын жүргізу қажет", – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
Әрбір саланың өз стандарттары бар. Мысалы, егер бала саны 15-тен төмен болса, ол ауылда бастауыш мектеп жабылады. Сол себепті, дамымай отырған ауылдарда әлеуметтік нысандарды салудың қажеті жоқ. Себебі ол жерге 200-300 млн теңге тұратын су жүйелерін тартуға мүмкіндік жоқ екен.