Елімізде қайталама нарықта баспана бағасы арзандады

1076

Елімізде қайталама нарықта баспана бағасы арзандады

Ұлттық валюта бағамының нығаюы қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасын төмендетеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде "Smart Realitor" жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры Инна Фролова айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қазан айында ұлттық валюта бағамы нығайды. Сонымен бірге қайталама тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуі байқалды. Астанада баға бір айдың ішінде 1,5-2 %-ға, Алматыда 2,5 %-ға,өңірлерде 1-1,3 %-ға төмендеді. Ұсыныстар саны сұраныстан екі-үш есеге асып түседі. Себебі, бастапқы тұрғын үй нарығы қайталама тұрғын үй нарығына айтарлықтай қысым түсіреді. Қайталап сатылатын жылжымайтын мүлік иелері бағаны едәуір төмендетуге мәжбүр болуда", – дейді Инна Фролова.

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі ипотекалық несиелендіру көлеміне және нақты кірістердің қысқаруына әлі де әсер етуде.

"Мамыр айында ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені 17-ден 15 пайызға дейін төмендетуі жағымды өзгерістер болып табылады. Жалпы, 2016 жылдың екінші тоқсанында несие алушылардың төлем қабілеттілігінің төмендігінен жоғары несие тәуекелдері мен тартылатын қаражаттың қымбат болуынан банктердің несиелендіру саясаты өте қатаң болды. Алайда Астана мен Алматы қалаларында сұраныс жоғары болып қалуда. Өйткені бастапқы тұрғын үй нарығындағы ұсыныстар көлемінің ұлғаюы, сатып алушыларға таңдауға мүмкіндік береді. Құрылыс салушы компаниялар сатып алушылар үшін бөліп төлеу, акциялар мен бонустарды ұсына отырып, нарықта үйлесімді шарттар жасауды бастады. Бұл бастапқы тұрғын үйге сатып алушылардың қызығушылығын тудырады", – дейді агенттік директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу