Елімізде қазір 25 мыңнан астам адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

1058

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 22 қаңтардағы ақпараты.

Елімізде қазір 25 мыңнан астам адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

"22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 25 469 адам короновирус инфекциясынан (13 788 КВИ+ және 11 681 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 791 пациент стационарда, 18 678 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 291 адамның жағдайы ауыр, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр,39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте індет жұқтырғандар қатарына тағы 1430 адамның қосылғанын хабарлады. Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі 173842 адам аталған вирусты жұқтырған. Олардың 157597-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу