Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы қалай дамуда?

865

Өткен жылы төлем карталарын қабылдайтын қазақстандық кәсіпкерлер саны 108 мыңнан, төлем картасын иеленушілер саны 40,2 млн-нан асқан. 

Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы қалай дамуда?

2021 жылдың 2 айында қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 2,3 есе, 703,1 млн операцияға дейін артқан. Ақшалай мәндегі көрсеткіш 7,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтар төлем картасымен жиі есеп айырысатын болған.

Нарықтағы POS-терминалдардың 86%-ында байланыссыз төлем функциясы бар.

finprom.kz мәлімітінше, 2021 жылдың көктемінде қолданыстағы төлем карталарының саны 50 млн-нан асқан. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Оның ішінде халықаралық жүйелерге 35,1 млн теңге тиесілі. 

Ең танымал карталар – Mastercard және Visa. Олардың нарықтағы үлесі 95,2%. 

Елімізде төлем картасын иеленушілерінің саны 40,2 млн-нан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,6%-ға артық.

Коронивирус пандемиясы саладағы жағдайға айтарлықтай әсер еткен: қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сатып алулар саны артқан. 2020 жылы қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 21%-ға азайса, байланыссыз төлем жиі жасалатын болған.

Әлемде және елімізде PIN-код енгізуді талап етпейтін операциялар сомасының 
лимитін ұлғайту байланыссыз төлем жасауды ынталандырған.

Мысалы, 2020 жылда Қазақстандағы POS-терминалдардың саны 25,5%-ға немесе 203 мыңға дейін өскен. Сондай-ақ нарықтағы POS-терминалдардың 86%-ында байланыссыз төлем функциясы бар. Бұл – төлем жасаудың ең қауіпсіз әдісі.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында (шілде, тамыз, қыркүйек) әлемде байланыссыз төлем барлық транзакцияның 41%-ын құраған. Ал Еуропада барлық транзакцияның шамамен 78%-ы байланыссыз жасалады.

Сондай-ақ Қазақстанда MasterCard енгізген инновациялық шешім байланыссыз төлемді жиі пайдалануға ықпал еткен. Мысалы, елімізде Tap on Phone технологиясы іске қосылды. Ол төлем жасау кезінде смартфонды POS-терминал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қызмет негізінен шағын және орта бизнеске бағытталған. Оны тамақтану орындары, дүкендер, дәріханалар, сұлулық салондары, такси қызметі және тағы басқалары жиі пайдалатын болған.
Бұл пандемия кезінде аталған саланың дамуына оң әсерін тигізген.

Жаңа технология бизнеске қымбат POS-терминалды сатып алмай, ақшасын үнемдеуге, банктер аталған терминалдарға қызмет көрсету бойынша шығындарды азайтуға, ал карта иелері байланыссыз төлем жасауға мүмкіндік алған. Сонымен қатар бұл технология елімізде көлеңкелі экономика азайтуға да мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстанда төлем карталарын қабылдайтын кәсіпкерлер саны 108 мыңнан, ал сауда орындарының саны 169 мыңнан асқан.

Жаңа технологиялық шешімдердің енгізілуіне байланысты қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы жыл сайын оң нәтиже көрсетіп келеді. 2021 жылдың 2 айында қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 2,3 есе яғни 703,1 млн операцияға дейін артқан. Ақшалай мәнде көрсеткіш 2,2 өсіп, 7,7 трлн теңгеге теңгеге жеткен.

2020 жылы төлем карталары бойынша 10 операцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз әдіспен жүргізілген. Яғни қазақстандық эмитенттер шығарған карталарды пайдалана отырып, жалпы сомасы 35,3 трлн теңгеге 2,9 млрд қолма-қол ақшасыз операциялар жүзеге асырырылған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу