Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр

1081

Қазақстанда коронавирус инфекциясына 238 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған.

\Қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 238 адамның жағдайы ауыр;

• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу