Елімізде коронавируспен ауырған 746 пациенттің жағдайы ауыр

601

Елімізде коронавируспен ауырған 181 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.  

 Елімізде коронавируспен ауырған 746 пациенттің жағдайы ауыр

"24 сәуірдегі мәлімет бойынша, 40 682 адам коронавирус инфекциясынан (40 172 КВИ+ және 510 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 395 пациент стационарда, 26 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 746 адамның жағдайы ауыр;

• 150 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", делінген хабарламада.

Комиссияның мәліметінше, COVID-19 белгісі бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты 22 сәуірде 93 жаңа жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған. 77 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлық науқас саны – 52 348, адам өлімі - 768, барлығы 51 070 адам сауығып шықты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу