Елімізде күніне 1,2 млн дана бетперде шығарылады

482

2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,2%-ға өсті.

Елімізде күніне 1,2 млн дана бетперде шығарылады

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өндіріс көлемінің өсуіне "Dolce – Pharm" ЖШС-де шығарылатын өнім көлемінің 67%-ға артуы серпін берген. Бүгінде аталмыш фармацевтикалық компания медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Dolce-Pharm тоқылмаған материалдардан түрлі бетперделер шығарады. ⠀

Айта кету керек, бүгінгі таңда медициналық бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1,2 млн дананы құрайды, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабады. Жыл соңына дейін фармацевтикалық компаниялар аталмыш көрсеткішті тәулігіне 1,5 млн данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 7 айдың қорытындысы бойынша "Химфарм" АҚ-да оң нәтижелерге қол жеткізілген, өндіріс көлемі 9%-ға өскен. "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу ұлғайтылды. Қазіргі уақытта зауыт антибиотиктердің стерильді ұнтақтары, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, инфузиялық ерітінділер, таблеткалар, капсулалар, сашадағы ұнтақтар, сироптар түрінде генерик дәрі-дәрмектерінің 113-тен астам түрін шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу