Елімізде отандық өндірушілерді қалай қолдайды?

806

Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі үштен бір бөлігін құрайды. 

Елімізде отандық өндірушілерді қалай қолдайды?

Квазимемлекеттік және коммерциялық компаниялар көбінесе жергілікті өндірісті қолдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Еліміздің мемлекеттік сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру үкіметтің стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға сатып алудағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Десек те, жыл басында ел Президентінің өзі атап өткендей тапсырма өз деңгейінде орындалды ма?

2020 жылдың 9 айында тауарларды, қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 12,5 трлн теңгені құрады. Біздің экономика осы соманың жартысына жуығын жоғалтты. Оның 6,5 трлн теңгесі немесе 52%-ы жергілікті тауарлар мен қызметтерге бағытталды.

Отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға ең аз қаражатты мемлекеттік органдар бөлді. Жергілікті қамту небәрі 30%-ды құрады. Инфрақұрылымдық бағдарламаларды іске асыру аясында мемлекеттік органдар бұл көрсеткіш бойынша 90% деңгейіне жетуі тиіс болатын. Іс жүзінде қазақстандық қамту 83%-ға ғана қамтамасыз етілді. "Нұрлы жер" жобалары бойынша сегіз облыста тапсырыс орындалмады. Ең төмен нәтиже елордада (59%), Түркістан (64%) және Павлодар (61%) облыстарында байқалды.  Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жергілікті қамту үлесі 87%-ды құрады. Жеті облыста нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. Ең елеулі ауытқулар үш облыста – Алматыда (60%), Қызылордада (73%) және Маңғыстауда (бірден 80%) тіркелді.

Биылғы жылы ҚР ИДМ көрсеткіштердің біршама жақсарғаны туралы хабарлады. 2020 жылдан бастап жергілікті қамту үлесі 1,3%-ға өскен. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сатып алудың жалпы көлемі 12,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсіп, 58,3%-ға жетті.

Айта кетейік, бұл қаражат бюджет пен Ұлттық қор шығыстары. Осыған сәйкес, қаражатты халық шаруашылығының ішінде қайта бөлу басты мақсат болып табылады. Сондықтан мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру бұрынғыдан да өзекті болып отыр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу