10-13 сәуір аралығында ХҚКО-ларда және Көші-қон қызметі орталықтарында шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Уақытша шектеуге 9 сәуірде мемлекеттік орган тарапында техникалық ақау себеп болған. Техникалық ақауды қалпына келтіру үшін алдағы екі күнде ЖСН қалыптастыру қызметі уақытша қолжетімсіз болады.
"Мемлекеттік орган тарапындағы ақаулар қалпына келтірілгеннен кейін, қызметтің қолжетімділігі туралы қосымша хабарланады", – деп ескертті ведомство өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбедегі ХҚКО-да шетелдіктерге жалған құжат әзірлеп, заңсыз көші-қон ісімен айналысқан қылмыстық топ туралы жазғанбыз.