Елімізде табысы төмен тұрғындардың үлесі артып жатыр

1110

Қазақстандықтар кедейлене түскен. 

Елімізде табысы төмен тұрғындардың үлесі артып жатыр

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үйлердің үлесі 4,5%-ға артты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жағдай жақсы отбасылардың 10%-на қарағанда кедей отбасылардың 10%-ы азық-түлікке 4 есе аз ақша жұмсайтын болған.

2021 жылғы бірінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмендердің үлесі 4%-дан 4,5%-ға дейін артқан.

Қалалардағы көрсеткіш 2,4%-дан 3,2%-ға дейін өскен, ал ауылдардағы көрсеткіш өзгеріссіз, бірақ әлі де айтарлықтай жоғары – 6,3%.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үйлердің ең жоғары пайызы Түркістан облысында – 9,1%. Кейін тізімде Солтүстік Қазақстан (6%) және Маңғыстау (5,8%) облыстары тұр.

Ең жақсы көрсеткіш елордада тіркелді. Мұнда үйлердің 1,6%-ы төмен табысқа ие, Қарағанды облысы – 2%, Атырау облысы – 2,8%.

2020 жылғы бірінші тоқсанымен салыстырғанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3 өңірде ғана төмендеді: Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстары.

Қалған өңірлерде табысы төмен халықтың үлесі артқан. Ең төменгі көрсеткіш Алматы, Шымкент қалалары, Павлодар және Солтүстік қазақстан облыстарында тіркелді.
Биыл бірінші тоқсанда ең аз қамтамасыз етілген халықтың 10%-ы және ең көп қамтамасыз етілген халықтың 10%-ының ақшалай шығысындағы айырмашылық 5,8 есе: орташа жан басына шаққанда 26,8 мың теңге, 156 мың теңге.
Оның ішінде тұтыну шығысы бойынша айырмашылық 5,4 есе: орташа жан басына шаққанда 25,8 мың теңге және 139,5 мың теңге. 

Екі топтың арасындағы азық-түлік шығыны бойынша айырмашылық – 4,3 есе, ақылы қызметтер – 5,6 есе, киім, мата және аяқ киім – 5,1 есе. Ал кредит пен қарызды өтеу шығыны бойынша айырмашылық – 17,4 есе.

Дәурен Ерболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу