Елімізде жұмыссыздар саны артып келеді

1282

2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 172,7 мың жұмыссыз адам тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға артық. 

Елімізде жұмыссыздар саны артып келеді

Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметтеріне сүйенсек, Ресейдің жұмыспен қамту орталықтарында 727 мың еңбекпен қамтылмаған адам тіркелген. Жыл басынан бері олардың саны 5,3%-ға артқан. Ал көрші Қырғызстанда 83,1 мың адам жұмыссыздар тізімінде. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға жоғары.

Қазақстандағы жұмыссыздар саны 11,7%-ға артқан. Биылғы жылдың бірінші жартысында елімізде 172,7 мың еңбекпен қамтылмаған адам тіркелді. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында бұл жоғары көрсеткіш болып саналады.

Армения мен Беларусь елінде жұмыс іздеушілердің саны керісінше төмендеген. Арменияда бұл көрсеткіш 6,9%-ға, яғни,  63,1 мың адамға, Беларусь мемлекетінде 27,7%-ға, 12 мыңға төмендеген.

Ал жалпы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 1 млн жұмыссыз тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу