Еліміздегі уран қоры қанша жылға жетеді?

85

Барланбаған кен орындары да жетерлік.

Еліміздегі уран қоры қанша жылға жетеді? Фото: kazatomprom.kz

Қазақстан аумағында шамамен 1 миллион тонна табиғи уран қоры бар. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық атом электр станцияларымызды қамтамасыз ету үшін қажетті уран 60 жылдан астам уақытқа жетеді. Бұдан басқа барлау жүргізілмеген кен орындары да бар", – деді Ғұмар Серғазин.

Оның сөзінше, Қазақстан Финляндияда салынып жатқан екі атом электр станциясына уран жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін Алғашқы АЭС атауы қашан жарияланатыны белгілі болғанын жазғанбыз. Қазақстандағы алғашқы АЭС атауына тұрғындардан қанша ұсыныс түскені айтылды. Конкурс қыркүйекте басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу