Жексенбіде Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
16 ақпанда Ақмола облысында күндіз жауын-шашынды болады (көбінесе қар), тұман, көктайғақ, қарлы боран, шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы - 90-95%.
Метеорологтардың мәліметінше, 16 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысында тұман, қар жауып, батыстан жел соғады, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде қар жауады, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.