Елімізге Ресейден аударылған қаражат көлемі 193,8 млрд теңгеге жеткен

534

Бұл Ресейден Visa және Mastercard халықаралық жүйелерінің кетуімен тығыз байланысты. 

Елімізге Ресейден аударылған қаражат көлемі 193,8 млрд теңгеге жеткен

Шетелден алынған қаражаттың жартысынан астамы (193,8 млрд теңге) Ресейден келген. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7 есе көп. Соның ішінде 185,4 млрд теңгес сәуір-шілде айларында аударылған: 18,3 млрд тг – сәуірде, 45,6 млрд тг – мамырда, 66,9 млрд тг – маусымда, 54,6 млрд тг – шілдеде. 2015 жылдан бастап осы жылдың наурызына дейін Ресейден ақша аударымның орташа айлық көлемі 9,2 млрд теңгені ғана болған. Ал, 2021 жылы бір айда орташа есеппен 4,4 млрд теңгені құраған. Себебі наурыздың соңынан бастап көрші елде Visa және Mastercard халықаралық жүйелері жұмыс істемейді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке ілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы деректерге сәйкес, шетелден алынған қаражат көлемі бірден 2,2 есеге артып, 358,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал транзакциялар саны 30,2%-ға өскен. Осылайша, бір аударымның орташа чегі 236,3 мыңнан 403 мың теңгеге дейін артқан.

Шетелден алынған қаражат көлемі бойынша бестік қатарында Қырғызстан (40,9 млрд тг), АҚШ (26,9 млрд тг), Өзбекстан (23,9 млрд тг) және Оңтүстік Корея (23,7 млрд тг) елдері бар.

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген қаражат көлемі 582,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғыға қарағанда 7,1%-ға артық. Транзакциялар саны 2,3%-ға азайған. Бір аударымның орташа чегі 9,6%-ға ұлғайып, 418 мың теңгені құраған.

Қазақстаннан шетелге ақша аударымдары көлемінің 69%-ы Өзбекстанға (163,6 млрд тг) тиесілі. Одан кейінгі орындарда Түркия (136,5 млрд тг) және Ресей (101,8 млрд тг) елдері бар. Бұдан бөлек қомақты ақша көлемі Қырғызстан (58,5 млрд тг) және Грузияға (44,9 млрд тг) аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу