Елімізіде бірініші және екінші санатты жолдардың ұзақтығы 34%-ға артты

954

2025 жылға дейін 27 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілмек.

Елімізіде бірініші және екінші санатты жолдардың ұзақтығы 34%-ға артты

2019 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 8,2 мың шақырымы бірінші және екінші техникалық санатқа жатқызылған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше 2025 жылға қарай аталмыш көрсеткіш Қазақстандағы барлық жолдардың 60% дейін жеткізіледі деп жоспарлануда. 

Соңғы бес жылда инфрақұрылымды дамытуға бағытталған "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 3 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары салынып, қайта жөндеуден өткен. Сондай-ақ, 2015 және 2019 жылдардың аралығында жолшылар республикалық маңы бар 7 мың шақырым, жергілікті маңызы бар 15 мың шақырым жолдарды жөндеді. Бұл өз кезегінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бергені сөзсіз.

"Жалпы Қазақстанда қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 300 көліктен басталатын бірінші және екінші санаттағы жолдардың ұзақтығы 34%-ға артты. Жаңа "Нұрлы жол" бағдарламасына сәйкес, аталмыш көрсеткіш бес жылдан кейін шамамен екі есе жоғарылайды. Осылайша, барлық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы жақсы және қанағаттандырарлық болады деп жоспарланған", – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Бүгінгі таңда республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының 88%-ы жоғарыда аталған сапа санатында. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін 27 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу