Спортшы белінен алған жарақатына байланысты наурыз айында өтетін әлем чемпионатына да қатыса алмайды. Бұл туралы спортшы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
"Жарақатымнан толық айыққан жоқпын. Сол себепті, наурыз айында Канаданың Монреаль қаласында өтетін әлем біріншілігіне бара алмаймын. Менің қазіргі мақсатым – жарақатымнан құлан-таза айығып, келесі маусымда жақсы өнер көрсетуге тырысу",– дейді Элизабет.
Спортшының айтуынша, бұл жақында ғана алған жарақат емес, мұз үстіндегі жаттығулардан түскен күш пен ауыртпалықтар жиналып келіп, денсаулығы сыр берген.
"Бүгінде емделу үстіндемін. Дегенмен, жарақаттан толық сауығып кету үшін уақыт керек",– дейді ол.