Елорда әкімі автобус апатынан зардап шеккен Алуаға қандай көмек көрсетілгенін айтты

101

Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан бірдей айырылған Алуаға пәтер берілгенін жазғанбыз.

Елорда әкімі автобус апатынан зардап шеккен Алуаға қандай көмек көрсетілгенін айтты Фото: Бейнежазбадан

Қазіргі таңда баспанада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір тұрып жатқан үйдің жалдау ақысын әкімдік төлеп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Баланың аты – Алуа. Өкінішке қарай, расында ондай жағдай болды. Нөмірі бірінші автопарктің автобусы болатын. Әкімдік тарапынан, медицина жағынан толығымен көмек көрсетілді. Бірінші автопарк 20 млн теңге көлемінде төлемақыны төледі. Қаланың демеушілері тарапынан қосымша қаражат берілді. Уәде берілген пәтер оларға берілді. Қазір онда жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Қазір тұрып жатқан үйдің жалдау ақысын әкімдік төлеп жатыр", – деді Жеңіс Қасымбек тілшілердің сауалына берген жауабында.

Қала басшысының айтуынша, балаға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жастағы қыз протезбен алғашқы қадамын жасағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу