Елордада 13 мың үлескер үйіне кіре алмай жүр

958

71 үйді салып бітіру үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлінген. 

Елордада 13 мың үлескер үйіне кіре алмай жүр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев тағы екі үлскерлік нысан бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.

"Жалпы Нұр-Сұлтан қаласында 48 проблемалы нысан бар. Ол 71 тұрғын үй деген сөз. Оның ішінде 13054 үлескердің пәтері бар. Аталмыш үйлердің мәселесін шешу үшін мемлекеттен 40 млрд теңге бөлінді.  Бүгінге дейін оның  6 млрд теңгесі игерілген. Жыл соңына дейін 14 млрд теңге игеру жоспарланған. Келесі жылы қалған 20 млрд теңге игеріледі. Тоқтап қалған нысандарға жауапты құрылыс компанияларының  90%-ының бірінші басшылары сотталған. Бүгінде жазасын өтеп жатыр. Қазіргі таңда "Талисман", "Сулейман" тұрғын үй кешендеріндегі құрылыс компанияларының басшылары тергеліп жатыр", – деді әкімдік өкілі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу