Елордада 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

976

Нұр-Сұлтан қаласы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада жетекші орында. 

Елордада 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

Елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.

Бүгінде қалада 15959 адам Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмыс істейді. Атап айтқанда, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 8133 адам, мердігерлер арқылы 7826 адам жұмысқа орналастырылды, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы атқаратын лауазымына байланысты 85000 теңгеден 250000 теңгеге дейін жетеді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елордада мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар мен көлік және инженерлік инфрақұрылым жөнделді. Биыл бір аурухана мен екі емхана күрделі жөндеуден өтті. Білім беру саласында 10 балабақша, 10 мектеп және 5 білім беру ұйымдары жөнделіп, жаңартылды.
 
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген білім беру мекемелерінің бірі - N49 орта мектеп. 1300 балаға арналған мектеп 2005 жылы пайдалануға берілген. Содан бері білім беру мекемесінде ішкі әрлеу, жылу жүйесін жөндеу, суық су жүйесін жабдықтау, электр желілерін жаңарту қажет болды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы мәліметтері бойынша мектеп заманауи талаптарға сай жаңартылды, инженерлік жүйелер қалпына келтірілді. Жаңа оқу жылында оқушылар жаңа, жарық кабинеттерде оқи бастады. "Индустрой-2" ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарына 98 қызметкер тартылды. Оның 47-сі Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу