Бүгін кешке "Астана Арена" алаңында Астана (Қазақстан) мен АПОЭЛ (Кипр) арасында халықаралық футбол матчы өтеді.
Осыған орай сағат 20.00-де Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады. Жүргізушілерден Мәңгілік ел (бұрынғы Орынбор) көшесімен айналып өту ұсынылады, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасаған astana.gov.kz.
Жүргізушілерден жолда мұқият болуды және халыққа жайсыздық тудырмас үшін жеке көліктеріне отырудан уақытша бас тарта тұруды сұрайды. Қаладағы Халықаралық әуежайға жол жүруді жоспарлаған азаматтарға және жақын аудандардың тұрғындарына алдын ала баламалы жолдарды пайдалануды ұсынып отыр.
Футбол матчы жанкүйерлеріне жиналу және жеткізу арнайы рейстермен бес пункттен келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:
1) "Қазақстан" СК көлік тұрағынан (Қажымұқан көшесі);
2) "Хазірет Сұлтан" мешітінен (Қошқарбаева даңғылы);
3) "Нұр Астана" мешітінен (шығыс жағының көлік тұрағы );
4) Қалалық цирк көлік тұрағынан (Қорғалжын шоссесі көлік тұрағы);
5) Мұңайтпасов атындағы стадионның көлік тұрағынан (Кенесары көшесі).