Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

1080

"Көрме" орталығында өткізіліп жатқан шараға әлемнің әр түпкірінен 300-ге жуық ауыл шаруашылығы компаниялары қатысып, өз өнімдерін көрсетуде.

Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

Нұр Сұлтан қаласында "KazAgro 2019" ауыл шаруашылығы және "KazFarm 2019" мал шаруашылығы және ет-сүт өнімдері халықаралық көрмесі өтуде.

Көрмеге келушілер мен қатысушылардың назарына ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, қондырғылардың жаңа түрлері, өсімдік, мал, құс шаруашылықтарына арналған техникалар қойылған.

Жаңа үлгідегі тыңайту технологиялары, сондай-ақ, өсімдіктерді қорғау заттары, ветеринария, жемшөптің түрлері, ауыл шаруашылығы саласына қажетті т.б. қызметтер ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу