Елордада 1,2 мың орындық мектеп салынады

988

Мектеп құрылысын "Нұрлы Астана" Корпоративтік қоры Бахрейн Патшалығының Патшалық қайырымдылық қоры қаржыландырады. 

Елордада 1,2 мың орындық мектеп салынады

Елорда әкімдігі, Бахрейн Патшалығының Патшалық қайырымдылық қоры және "Нұрлы Астана" корпоративтік қоры арасында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мектеп салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Меморандумға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында 1200 орынға арналған мектеп тұрғызылады. Мектеп құрылысын "Нұрлы Астана" Корпоративтік қоры Бахрейн Патшалығының Патшалық қайырымдылық қоры қаржыландырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мектеп қаланың коммуналдық меншігіне өтеді.

Мектеп құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу