Елордада Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды

225

Қазақстан мен Корея – сенімді әрі стратегиялық серіктестер.

Елордада Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды Фото: ortcom.kz

Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі Оңтүстік Корея ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес форум форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шараға екі елдің бизнес өкілдері қатысып жатыр. 

2010 жылы құрылған Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі екі елдің өзара қарым-қатынастарды дамытумен айналысады.

Айта кету керек, Ақордаға Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келгенін жазған болатынбыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің елімізге жасаған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп бағалады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақорда кулуарында Түркістанда корейлік Woosong университетінің филиалы ашылатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу