Елордада Кіші Талдыкөлде ағаш отырғызу экоакциясы өтті

692

Оған қала тұрғындары, еріктілер, экобелсенділер қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада Кіші Талдыкөлде ағаш отырғызу экоакциясы өтті

Іс-шараны Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ұйымдастырды және Кіші Талдыкөл аумағын абаттандыру, қаланы көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында 300-ден астам жапырақты ағаш (тал, шегіршін) отырғызылды, сондай-ақ тағы 300 ағаш отырғызу жоспарлануда.

Ағаш отырғызуға 100-ден астам адам қатысты, олар қала тұрғындары, Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының "Астана Жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері және экобелсенділер.

Сонымен қатар, қыркүйек-қазан айларында елордада жыл сайынғы "Birge – taza Qazaqstan" күзгі экологиялық айлығын өткізу жоспарланып отыр, оның аясында жаппай ағаштар отырғызылады.

Кіші Талдыкөлде экопарк салуды жоспарлап отыр. Жоба қалалық ортаны табиғи табиғатпен біріктіруге бағытталған.

Жобада су түбін тереңдету, су түбін лай және басқа да зиянды шөгінділерден тазарту, орташа тереңдікті ұлғайту, су балансын сақтау жұмыстары көзделген.

"Рекреациялық аймақ" су қорғау аймағы мен жолағы, едендік шамдары бар жаяу жүргіншілер жолы орнатылатын су қоймасынан тұратын болады. 

Аймақ аумағы шағын архитектуралық нысандармен, тұрғындар демалатын орындармен абаттандырылып, көгал шөптері егіліп, жасыл желектер отырғызылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу