Форумда талқыланған тақырыптардың бірі - салалық қоғамдық ұйымдар жұмысының ауқымын кеңейту және мемлекеттік қолдауды күшейту мәселелері. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен өз сөзінде атап өткендей, биыл әкімдік тарапынан 34 жоба жүзеге асырылуда.
"Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру 2021 жылдан бастап 30%-ға артады", - деді Б.Мәкен.
Сондай-ақ форум барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды ұзақ мерзімді қаржыландыру айтарлықтай артқаны атап өтілді. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 3 жылға есептелген 8 ұзақ мерзімді жоба жүзеге асырылуда. Мұндағы басты міндет - жобалардың сабақтастығын сақтау және тиімділікті арттыру.