Таңертеңнен бастап қала көшелерінде 28 автокөлік, 28 мотоцикл жүріп, 28 шақырым қашықтықты бағындырды. Кейін Есіл өзеніндегі катер де 28 шақырымды бағындырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауқымды іс-шараға 28 саны кездейсоқ алынбаған. Дәл 28 жыл бұрын Қазақстанда Ұлттық рәміздер: Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба бекітілді.
Іс-шараны ұйымдастыруға қалалық штаб еріктілері белсенді қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу