Елордада проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасты

928

ЕКК желісі және "Шығыс" нысаны бойынша инвесторды қаржыландыру ашылды.

Елордада проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасты

Елордада проблемалық "Шығыс" ТК нысандарында құрылыс жұмыстары қайта басталды. "Шығыс" 1В тұрғын үй кешенінен 390 адам пәтер алуды күтуде, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Алтай Көлгінов кешкі аралау кезінде проблемалық тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Соңғы тексерісінен кейін нысанда үйді жылумен қамту, шатырды нығайту бойынша жұмыстар жаңартылды, құрылыс материалдары әкелінді; 2 блокта терезе мен есіктерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, кейін құрылыс салушы ішкі әрлеуге кіріседі. 

"Қазір 1в-ға 60-қа жуық адам көшіп келді. Электр қосылған. Кіреберістерді дайын болуына қарай инженерлік желілерге жеткізетін боламыз", – деді құрылыс салушы.

"Шығыс" ТК 1А-да коммуникациялармен 5 подъезд жабдықталған. Сыртқы желілер үйге шығарылды. Қазір пәтерлерді алғашқы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, А. Көлгінов "Future home" ТК тұрғындарымен кездесті. Қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Үлескерлердің саны 200-ге жуық адамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу