Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметi басқармасының бастығы Госман Жакин елордада карантиндік шектеулерді бұзу фактісін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар күн сайын жүргізілетінін айтты. Оның мәліметінше, елордадағы түнгі клубтардың бірінің басшысы әкімшілік қамауға алынып, бірнеше ойын-сауық мекемесіне айыппұл салынған.
"Елордалық полиция санитарлық нормаларды бұзу фактілерін анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Рейд барысында онын-сауық орындары, дәмханалар, караоке бар және сауда нысандарына ерекше назар аударылады. Кейбір ойын-сауық мекемелері санитарлық талаптарды бұзып, тиым салынған уақытта қызмет көрсеткені анықталды. Бір түнгі клубтың өзінде 70 әкімшілік хаттама толтырылды. Біріншіден, бұл ойын-сауық мекемесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзды. Карантиндік шектеулерге қарамастан, түнгі 1:35-те келушілер билеп, көңіл көтерген. Сонымен қатар, бұл түнгі клубқа кәмелеттік жасқа толмағандар да келгені анықталды. Рұқсат етілмеген жерде қорқор шегу фактісі де болған әрі түн уақытында тұрғындардың тыныштығын бұзды", – деп айтып өтті Госман Жакин.
Нұржан Көшкін