Елордада сауда орталықтарының мереке күндердегі жұмыс кестесі белгіленді

780

Нұр-Сұлтананың санитарлық дәрігері СОО, сауда үйлерінің мереке күндеріндегі жұмыс кестесі туралы айтты.

Елордада сауда орталықтарының мереке күндердегі жұмыс кестесі белгіленді

Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі қалалық жедел штабта 16-18 желтоқсан аралығында мереке күндері сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың жұмысы туралы мәселе қаралды. Жоғарыда аталған нысандар мереке күндері қалалық санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның қолданыстағы қаулысына сәйкес әдеттегідей, яғни сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

19 желтоқсан, сенбі күні жұмыс уақыты - 20:00-ге дейін. 20 желтоқсан - жексенбі - ірі сауда орталықтарындағы бутиктер жұмысы тоқтатылады. Онда дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады. Ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, гипермаркеттер, азық-түлік дүкендері клиенттерге жексенбіде қызмет көрсете алады.

Сонымен бірге осы нысандарда және олардың аумағында орналасқан аттракциондарды, балалар ойын алаңдарын, ойын орталықтарын, кинотеатрларды, тамақтану алаңдарын пайдалануға қатаң тыйым салынады.

"Нұр-Сұлтан қызыл аймақта, бірақ оның шарықтау шегінде емес. Соңғы күндері динамика тұрақталып, жақсарып келеді. Қала сары және қызыл аймақтардың арасында. Бұрынғы (қаулы бойынша) жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын демалыс кезінде дүрлікпеуге шақырамыз. Жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін біз азаматтардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, аса қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз", - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Айта кетейік, 16-20 желтоқсан аралығында қоғамдық көліктер түнгі 23:00-ге дейін жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу