Елордада теннистен жасөспірімдер арасында J3 Nur-Sultan Open додасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жекелей сында қыздар арасында Қазақстан құрамасының өкілі Татьяна Николенка финалда командаласы Аружан Сағындықовамен кездесті. Екеуара кездесу 6/4, 6/3 есебімен аяқталып, Татьяна Николенко жеңіске жетті.
Ал жасөспірім ұлдар арасында ресейлік Михаил Горохов отандасы Максим Жуковпен жарыс алтынын сарапқа салды. Нәтижесінде 6/1, 6/2 есебімен Михаил Горохов жарыс жеңімпазы атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу