Елордада жалпы орта білім беретін 11 жекеменшік мектеп бар

2001

Елордада жалпы орта білім беретін 11 жекеменшік мектеп бар

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына даярлығына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ануар Жангозин, Астана қаласы білім басқармасы  басшысының орынбасары Гульжан Айтжанова және Астана қаласы білім басқармасы, кәмелетке толмағандардың  құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы  Ләззат Орынбасарова қатысты.

Қазіргі таңда қалада 264 мектепке дейінгі мекеме қызмет атқарады. Соның ішінде – 97 мемлекеттік, 2 ведомстволық, 116 жекеменшік балабақшалар және 49 шағын орталық.

Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен 70,6 пайызға қамтамасыз етілуде. Бұл былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 5,7% артып отыр. Аталмыш көрсеткіштер өткен жылы жаңадан салынған 440 орынды қамтитын 2 балабақшаның, Ұлттық компаниямен келісімшарт аясында ашылған 240 орынды қамтитын 1 балабақша және 3949 орынды қамтитын 44 жекменшік балабақшалардың ашылуының арқасында ұлғайып отыр.

Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік тапсырыс 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге көбейіп, ата-аналар төлемақысы 23 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін азайды. Өз кезегінде бұл кәсіпкерлер үшін жекменшік балабақшалар ашудағы қызуғышылығын артты.

Биыл 480 орынды қамтитын 2 мемлекеттік балабақша, Ұлттық компаниялармен орнатылған келісімшарт негізінде салынған 720 орынды қамтитын  үш балабақшанының тапсырылуы жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шегінде 2019 жылы тапсырылатын 1680 орынды қамтитын 6 балабақшаның құрылысы іске асырылуда.

Сонымен қатар қалалық кәсіпкерлер үшін жүйелі түрде ашық есік күндері ұйымдастырылады. 2017 жылы 5 мыңнан астам орынды қамтитын мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшалардың ашылуы жоспарланып отыр. Жыл сайын шамамен 8 000 орынды қамтитын балабақшаларды ашу көзделеді. Осылайша 2019 жылдың соңына дейін балаларды мектепке дейінгі дайындықпен 100 пайызға қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылмақ.

Елордамызда бүгінгі таңда 95 жалпы орта білім беретін мектептер бар. Оның 84-і мемлекеттік болса, 11 жекеменшік болып саналады.

Жаңа 2017-2018 оқу жылында бірінші сыныпқа келетін балалар саны 23 мың адамды құрайды. Өз кезегінде бұл болжам бойынша оқу орындарының тапшылығын көздейді.

Бұл мәселесі шешу мақсатында 2017-2018 оқу жылының басына қарай қалалық 5 мектепке қосымша құрылыс жанамалары салынып отыр. Қазіргі уақытта 10 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның алтауы бүгінгі таңда іске асырылып, қалған төртеуінің құрылысы жылдың аяғына дейін басталмақ.

Өткен оқу жылында оқу үрдісін ұйымдастыру барысында қалалық мектептердің барлық бірінші сыныптары (19132 оқушы, 683 сынып) жаңартылған білім беру мазмұнына көшті.

2017-2018 оқы жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартьылған бағдарлама бойынша оқиды, онда 4149 мұғалім сабақ беретін болады. Олардың 3122  (75%) мұғалімі курстардан өтті. 2017 жылдың соңына дейін жаңартылған бағдарлама бойынша 156 бастауыш сынып мұғалімі және 787 пән мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу