Елордада жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

619

Іс-шараға 100-ден астам жұмыc беруші қатысады деп күтілуде. 

Елордада жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Елорда әкімдігінің ресми сайты "Халықты жұмыспен қамту орталығының" жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізетінін хабарлады.

Жәрмеңке 25-26 маусым күні сағат 10:00-13:00 аралығында Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан "Жастар" сарайында өткізілмек.

Іс-шараға 100-ден астам жұмыc беруші қатысады деп күтілуде. Олар мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін қалдыра алады. Сондай-ақ, шарада оқу орындарының түлектеріне "жастар тәжірибесі" бағдарламасы айтылып, азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсіби оқуға қызығушылық танытқан келушілерге де толық ақпарат береді.

Айта кетсек, жыл басынан бері орталық арқылы 2800 адам жұмысқа орналасыпты. Олардың 92-сі – әлеуметтік жұмыс орындары, 1 820-сы қоғамдық жұмыстар болса, 830-дан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу