Елордада жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"24 қараша күні сағат 06.45-те Қабанбай батыр даңғылы бойында болған жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ-21099" маркалы көліктің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан "Toyota Camry"-мен соқтығысқан", - деп мәлім етті қалалық Полиция департаменті.
Ақпаратқа сәйкес, "ВАЗ-21099" автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 36 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ ауруханаға осы көлікте болған тағы бір адам мен "Toyota Camry"-дің жүргізушісі жеткізілді.